Фото: ktf.kz

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева (әлемнің 337-ракеткасы) Нави-Мумбай (Үндістан) ITF W50 турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол бұл жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелді. Қазақстандық теннисші алғашқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 496-орында тұрған жапониялық Хироко Куватамен өткізді.

Жібек қарсыласын 6:2, 6:3 есебімен жеңді.

Оның 1/8 финалдағы қарсыласы кейінірек анықталады. Қазақстандық теннисші қазіргі кезде WTA Live рейтингісінде 320-сатыға көтеріліп тұр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!