Фото: ktf.kz

KAZINFORM – Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі, әлемнің 419-ракеткасы Жібек Құламбаева Нагпур (Үндістан) ITF W15 турнирінің финалына шықты.

Жарыстың 2-ракеткасы Ж.Құламбаева жартылай финалда WTA рейтингісінде 573-орында тұрған үндістандық Зил Десаиды сынап көрді.

Тартысты өрбіген бірінші партияда тай-брейкте Жібек таразы басын аудара білді – 7:6 (7:2). Екінші сет қазақстандық спортшы үшін оңайырақ болды – 6:3. 

Жібек Құламбаева финалда рейтингіде 1 159-орындағы тағы бір корт иесі Сонал Патилмен бас жүлде үшін таласады. Үндістандық теннисші жартылай финалда тартысты бәсекеде әлемнің 689-ракеткасы, ресейлік Элина Неплийді жеңді – 1:6, 6:3, 7:5. 

Бүгін Ж.Құламбаева ресейлік Екатерина Яшинамен бірге жұптық сында финалдық кездесуін өткізеді. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!