19-20 қыркүйек күндері Ақтаудағы «Халық Аренада» Қазақстанның ұлттық құрамасы Әзербайжанның футзалшыларымен жолдастық кездесу өткізеді.

Қазіргі кезде дәл сол Каспий теңізінің жағалауында біздің жігіттер оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Командамыздың бас бапкері Рикардо Кака алдағы бәсекеде мына футзалшыларға сенім артып отыр. Қақ­пашылар – Игита, Нарун Серіков («Кайрат»), Ақжол Қайратұлы («Каспий»). Қап­талдағы ойыншылар – Дуглас, Дәурен Нұрғожин, Шыңғыс Есенаманов, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Альберт Ақбалықов, Эдсон («Қайрат»), Тайнан («Эль-Посо», Испания), Арнольд Кнауб, Райым­бек Жұма, Жаһангер Рашит («Кас­пий»), Азат Валиуллин, Әбдірасұл Әбді­манапұлы («Аят») және Евгений Кошкин («Астана»).

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құра­масы санаулы күндерден кейін 2024 жылы өтетін әлем чемпионатының іріктеу тур­ниріне қатысады. Өзінің алғашқы матч­ын жерлестеріміз 8 қазанда өз алаңында Словения құрамасымен өткізеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!