19-24 тамыз аралығында Румынияның Отопене қаласында жүзуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтеді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлемдік додада Қазақстан намысын сегіз спортшы қорғайды.
Жүлде үшін Ришат Жұмағұлов, Федор Диденко, Айбат Мырзамұратов, Егор Попов, Максим Сказобцов, Александр Румынский, София Әбубәкірова және Дарья Чеснокова бақ сынайды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!