Аikyn.kz. Араб Әмірліктерінде өткен додада ел қоржыны бірнеше медальмен толықты. Спринт бәсекесінде астаналық Тағи Медетұлы, Жәңгір Кекшікбаев және Демиян Собадаж күміс, қола иеленсе, 63 жастағы елорда тұрғыны Айгүл Сәрсенбаева алтыншы орыннан көрінді. 

Жас өрендеріміз де жоғары көрсеткіш тіркеп, олжалы болды. Жалпы, байрақты бәсекеге 50-ге тарта мемлекеттен 3 мың спортшы қатысты. Жарыс жолына алдымен ересектер, кейін балалар шығып, 2, 5 және 10 шақырым аралықты еңсерді. Oceanman (оушнмэн) – әлемнің түрлі елдерінде өтетін бірнеше кезеңдік чемпионат. Ол саламатты өмір салтын ұстанатын жандарды ынталандыруға арналған. 

Айгүл Сәрсенбаева, жарысқа қатысушы: 

– Келесіде қатысатын жарыста бұдан да жақсы жетістікке қол жеткіземін деген үміттемін. Бұл мен үшін алғашқы халықаралық чемпионат. Қыркүйек айында Испанияда өтетін оушнмэнге баруды жоспарлап отырмын. Маған қолдау көрсеткендерге рақмет айтамын. Спортқа кеш келсем де онымен әрқашан айналысуға болатынын түсіндім. 

Елнар ЕЛТАЙ

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!