Қазақстан футзал қауымдастығының вице-президенті болып қазақстандық журналист Нұрсұлтан Құрман тағайындалды. Бұл туралы Қазақстанның футбол федерациясы хабарлайды.
«Нұрсұлтан Құрман отандық спорт жанкүйерлеріне танымал. Ол ұзақ уақыт бойы футзалдан және футболдан Қазақстан чемпионатын белсенді түрде жариялады. 2021 жылы Нұрсұлтан Құрман медиа тұлғалар арасында футзалдан әуесқойлар лигасын құрып, содан бері чемпионаттың ұйымдастырушысы болды. Қазақстан футзал қауымдастығының вице-президенті лауазымында Құрманның міндеттеріне Қазақстан Чемпионаты, Кубогы, Суперкубогы, дайындық топтары арасында Қазақстан біріншілігі матчтарының трансляциясын ұйымдастыру, сондай-ақ ҚФҚ медиа және маркетингін дамыту сияқты функциялар кіретін болады», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан футзалы қауымдастығының жаңа президенті болып белгілі футзал төрешісі Талғат Қосмұхамбетов сайланғанын хабарлаған болатынбыз.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!