Зинедин Зидан “Реалдан” кетті. Мадридтік клуб француз маманымен келісімшарт оның шешімімен бұзылғанын хабарлады.

“Біз оның шешімін құрметтейміз және оған барлық еңбекқорлығы үшін алғыс айтамыз. Зидан – Реалдың символдарының бірі және әрқашан клубтың аңызы болады. Ойыншы ретінде де, жаттықтырушы ретінде де ол клуб тарихында қалады. “Реал” әрқашан Зиданның үйі”, – делінген клубтың хабарламасында.

Бапкердің қазіргі келісімшарты 2022 жылдың жазына дейін жасалған.

2019 жылдың наурызында үзілістен кейін Мадридтің “Реалына” оралған Зидан өткен маусымда Испания чемпионы мен Испания суперкубогын жеңіп алды. Осы маусымда “Реал” Чемпиондар лигасының жартылай финалына дейін жетті және Ла Лигада үшінші орын алды.

Сондай-ақ, Зидан “Реалда” 2016 жылдан 2018 жылға дейін бапкер болды. Осы уақыт ішінде оның бастамасымен клцб үш ретқатарынан Чемпиондар лигасын жеңді. Сондай-ақ, оның бапкерлігімен “Реал” бір рет Испания чемпионатын, бір рет Ұлттық суперкубокты, екі рет УЕФА Суперкубогын және екі рет Клубтар арасындағы әлем кубогын жеңіп алды.

Француз бапкер болғанда мадриттіктер 263 кездесу өткізіп, 174-де жеңіске жетіп, 53-те тең түсіп, 36-да жеңілген. Доптардың арақатынасы 605: 267 құрайды.

“Ювентустың” бұрынғы бапкері Массимилиано Аллегри немесе “Интер” -дің бұрынғы бпкері Антонио Конте “Реалға” келуі мүмкін.

Испанияның Marca басылымы Зиданның орнына “Реалдың” бұрынғы капитаны Рауль Гонсалес келетінін хабарлады. Бұқаралық ақпарат құралдары “Реал” бапкерлікке Германия құрамасының бас бапкері қызметінен кеткен Йоахим Лёвтың кандидатурасын қарастырып жатыр деп жазды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!