Бақдәулет ЖАРЫЛҚАСЫН,

Назарбаев зияткерлік университетінің грант иегері:

– Бағдәулет, назарбаев зияткерлі университетіне оқуға түсуіңізбен құттықтаймыз. Атал­мыш уни­верситеттің білім гран­тын же­ңіп алу оңай емес. Ай­тыңыз­шы, сіз қандай талап үде­сінен шықты­ңыз?

– Қарапайым отбасында туып өс­­тім. Менің үш ағам бар. Бәрі де мен сияқты музыкамен айналы­сады жә­не көп уақытын білімге арнай­ды. Жетістікке жетуде репетитор жалда­мадым немесе қымбат кітаптар са­тып алмадым. Осы арқылы өзім сияқты қарапайым мектеп оқушы­сы ҰБТ-дан жоғары балл жинап, еліміздің ең үздік жоғары оқу орны­на түсе алатынын дәлелдегім кел­ді. Жақындарымның көмегінің ар­қа­сында мен бұған нөлден қол жеткіздім және бұл мақтанышқа се­беп деп ойлаймын.

– Есептеу техникасы маман­ды­ғын таңдапсыз. Бұл сала сізді несімен қызықтырды?

– Есептеу техникасы, бір сөз­бен айтқанда, компьютер.  Бағдар­ла­­малық қамтамасыз ету, яғни инже­нер мамандығын көбіне болашақтың мамандығы деп атайды. Менің ойым­ша, бұл жұмыс қазірдің өзінде өте маңызды. Себебі, біз компью­терді күні бойы қолданамыз. Бірнеше жыл бұрын мен бағдарла­малау курсына жазылдым, онда біз веб-сайттар мен мобильді қо­сым­шалар жасауды үйрендік. Ба­сын­да қиын болды, өйткені мен компьютерде ұзақ отыруға және зейінімді аударуға мәжбүр бол­дым. Бірақ маған жұмысымның нә­ти­жесін көру ұнады. Оқудың бі­рін­ші аптасының соңында мен бірін­ші болып веб-сайт құрдым. Бұл кофе туралы жазылған шағын бет болды. Шынымды айтсам, өте керемет болмады. Бірақ бұл менің жұмысым болғандықтан көзіме ыс­тық көрінді. Ноутбукпен жұмыс жасау маған әлеммен байланысуға мүмкіндік бер­ді. Мен өз өнертабысымды бүкіл әлеммен бөлісе аламын. Мәселен, Марк Цукерберг Facebook-ті екін­ші курс оқып жүріп, ноутбуктың кө­ме­гімен жатақханада жасаған. Қа­зір әлемдегі әрбір үшінші адам Face­book-ті қолданады, ал Марктың шо­тында жүз миллиард доллардан ас­там қаражат бар

– Бір сұхбатыңызда 9 сыныпқа дейін физика мамандығына қы­зығу­шылығым болмады депсіз. ҰБТ-ға дейінгі екі жылда физика пәнін қалай меңгердіңіз?

– Бірде досыма  ауқымды іс-ша­рада физика пәнінен тың жо­ба­ны қорғау қажет болды. Тұсау­ке­серге бірнеше күн қалғанда ол ауырып қалды. Мұғалім оның жобасын аяқтауымды өтінді. Ал маған физика пәні мүл­де ұнамайтын. Одан қалды көпші­ліктің алдында өзің түсінбеген дүниені өзгеге түсіндіру тіпті қиын. Мұғалімнің өтінішін жерге тас­та­майын деп жобаны қорғауға келіс­тім. Жобаның тақырыбы – Ом заңы.  Жоба барысында аккуму­лятор, түр­лі сымдар, электр шамы және электр тізбегіндегі кер­неу­ді өлшеуге арналған түрлі құрал­дар берілді. Сонымен қатар кітап­ханадан бірне­ше ескі кеңестік фи­зика кітаптарымен таныс­тым. Сол әдебиеттердің кө­ме­гімен бір аптада физиканы то­лық мең­гер­дім. Содан бері мен фи­зика пәнін бар ынтаммен оқитын бол­дым. Ізденістердің нәтижесінде интер­неттен жаратылыстану бағыты бойын­ша онлайн сабақтарды кез­дес­тірдім. Батыс физиктерінің де қызықты бейнелерін қарап, мәсе­ле­лерді үнемі шешіп отырдым. Қиын нәрселерді зерттеу арқылы күн сайын шындыққа жақындай түсемін.  Сондай-ақ біздің әлем қалай жұмыс істейтінін білгім келеді. Өйткені әрбір оқиғаның ар­тында, физикалық заң және соған сәйкес формула барын ұқтым.

– IELTS, SAT Халықаралық тестілеудің өзгелерге қарағанда ерекшелігі неде?

– SAT емтиханы бірегей, әлем­дегі кез келген тесттен айырмашы­лығы жоқ.  ҰБТ оқушының білімін тек­середі. Оған оқулықтарды оқу, формулалар мен терминдерді жат­тау арқылы дайындалу керек. SAT бойынша жақсы оқу үшін оқулық көмектеспейді. SAT оқушының сы­ни тұрғыда ойлауын жетілдіріп, көлемді ақпараттармен жұмыс істеп, шешім шығаруға үйретеді. Оқушыға ағылшын тілінде 10 кө­лем­ді мәтін және математикадан 58 есеп беріледі. 180 минут ішінде 154 сұраққа жауап беру қажет.  Бір қы­зы­ғы, SAT «нүктелік калибрлеу» деп аталады.  Бұл жоғары балл алу үшін басқа студенттермен бәсеке­лесу қажет болатынын білдіреді. Студенттер емтиханнан неғұрлым жақсы нәтиже көрсетсе, белгілі бір тест бойынша әр сұраққа аз ұпай беріледі. Тапсырма  қиын болған кезде, әкімшілік оқушыларды жігер­лендіреді. Мысалы, математикадан бір немесе екі сұрақты жіберіп ал­ған болсаңыз да, жоғары балл алу­ға болады.

– «Жігітке жеті өнер де аз» демекші, көпшілік біле бермейтін өнеріңіз бар ма?

Музыка мен бағдарламалау­дан басқа мен фотосурет, фотомонтаж жасағанды  жақсы көремін. Біраз­дан бері  әдемі кадрларды іздеп жүрмін. Себебі, фотосурет белгілі бір ға­рыш­тық күшке ие. Тіпті уа­қыт маши­насына жақын сияқты көрінеді. Біз фотосуретке қарап, өткен жылдарды еске аламыз. Өткен сәтті сездіріп, тамаша күйге түсіретінімен қызық.

– Болашақта  Гарвард  универ­си­­тетінен магистр дәрежесін алу­ды мақсат етіпсіз. Бұл универ­ситетті таңдауыңыздың себебі неде?

Гарвард өзінің ғылыми қыз­мет­­­керлерімен бүкіл әлемге әйгілі.  Жыл сайын бұл университет әлем­дік рей­тингте бірінші орын алады. Пла­нетадағы ең ақылды адамдар осында оқиды және жұмыс істейді.  Олардың қатарына кіру үшін ондаған түрлі «сүзгілерден» өтіп, бірнеше емтихан тапсыру қажет.  АҚШ -тың 8 Президенті мен миллиардерлер, Гарвард университетін бітірген. Бі­рақ мені Гарвард мәдениеті көбі­рек қызықтырады. Оның ішінде олар­дың оқуға, шығармашылыққа жә­не әлеуметтік өмірге  көзқарасы ерек­ше.

– Шетел асқан түлектердің көбі елге оралмай жатады. Сіздің болашақ жоспарыңыз қандай?

Өкінішке қарай, бұл рас. Қа­зір елімізде «утечка мозгов» деп аталатын жағдай орын алуда. Та­лантты адамдар  мемлекет шека­расынан ақша мен атақ іздеп кетеді. Бұл екі жақтың да кінәсі. Жалпы Қазақстанда мәселе көп. Бірақ ол барлық елде бар. Біз одан қашып құтыла алмаймыз. Кез келген қоғамға ауыр жұмыспен айналысатын адам қажет. Ин­форматика мен инженерия  маман­дығы бойынша оқи отырып, мен өз мансабымды Қазақстандағы білім беруді дамытуға арнап, жа­ңа технологияның бізге беретін ар­тық­шылығын  пайдаланғым ке­ле­ді. Арманым – ХХІ ғасырдың ин­но­вациясына негізделген әлемдік деңгейдегі алғашқы технологиялық мектептерді ашу.

– Әңгімеңізге рақмет.

Айгүл ӘЛІШЕРОВА

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!