Қор­қыт ата ме­мо­риал­дық кешені – түбі бір түр­кі жұртының тәу ететін қасиетті мекені. Мың жылдан астам тұтас бір дәуірді межелеген ескерткіш әлі де адамзат бала­сының қызығу­шы­лығын ту­ғызып келеді. Әлемнің әр қиырында тарыдай шашырап жүрсе де, түркілер атақты абызды ұлы бабамыз деп дәріптейді. Қазақ топы­рағына қадам басқан сәттен Қор­қыттың мәңгілік мекеніне арнайы ат басын бұрады. Келушілерге Қорқыт ата мемориалды му­зейінің ғылыми қызметкері Айгүл Бер­маханова ке­шен­ді та­ныс­тырады. Ол Халықаралық гу­ма­ни­тарлы-техникалық университетінде білім алған. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі.

– Мемориал жайлы қызықты деректермен бөліссеңіз…
Әрбір стелла әр тарапқа қаратып тұрғызылған құлпытастарға ұқсайды. Жоғары жағы кеңейе келіп, шөміш пішінінде түйісетін стеллалар қобыз бейнесін көрсетеді. Оның түйісер түбіндегі орталық тесігінде 40 металл түтік бар. Олар жел соққан кезде қобыз сарынымен үндес дыбыс шығарады. Аңыздарда айтылған тәрізді Қорқыт ата мазарында соққан желге үн қосатын қобыз қойылған.
– Туристерге Қорқыт ата кешенін сіз таныстырады екенсіз. Олардың басым бөлігі қай елден келеді?
– Мемориал кімді бол­сын тамсандырмай қоймайды. Сондықтан бұл жерге ат басын бұратындардың қарасы қалың. Өз елімізден бөлек шетелдің азаматтары арнайылап келіп жатады. Иә, маған тікелей берілген жауапкершілік осы. Келушілерге кешенді аралатып, таныстырып өтемін. Туристердің көпшілігі Германия, АҚШ, Қытай, Түркия, Франция елдерінен келеді.
Былтыр қанша “қонақ” келді?
– Жоғарыда атап өткенімдей, бізге көп турист келеді. Барлығына егжей-тегжейлі түсіндіреміз. Бастысы, ұлттық нақыштағы киіммен қарсы алып, ерекшелігімізді көрсетеміз. Жалпы шетелден 400-ге жуық турист келді.
– Өзге тілдерде еркін сөйлейді екенсіз…
– Үш тілді еркін меңгергенмін. Орыс, ағылшын тілдерінде экскурсия жүргіземін. Тіл меңгеру оңай емес, дегенмен барлығына да алдымен қызығушылық таныту керек.
– Қандай іс-сапар болсын басы-қасында өзіңіз жүресіз. Қиындық тудырмай ма?
– Жұмысым қатты ұнайды. Азанда барып, кешке қайту керек деген қағида жоқ. Іс-сапарға қай кезде бару керек, сол уақытта шығамыз. Қызығушылықпен, жақсы көріп істеген істің ерте-кеші болмайды деп ойлаймын. Өзге адамдармен танысамын, достарым көбейеді. Білмегенімді біліп, ерекше ақпаратқа қанық болатын кездер болады.
Бірыңғай ұлттық киім киесіз. Арнайы тіктіресіз бе? Ұлттық нақыштағы әшекейге де қызығушы­лығыңызды байқадық…
– Ұлт­тық киім киіп жүрген ұнайды. Экскурсия жүргізуге арнайы тіктірілген униформаларымыз бар. Қамзол, кәжекей кигенде көптеген адамдар қызығып бірге фотоға түсіп жатады. Қазақы нақышта жасалған әшекейлер көп. Ұлттық бұйымдарды тағып, неге туристердің қызығушылығын тудырмасқа (күліп)?!
– Оқырманды қуантатын қандай жаңалықтарыңыз бар?
– Қорқыт ата кешенін қайта жаңғырту жобасы жүзеге асты. Ескерткіш заманауи бейнеге енгелі мұнда тәу етіп келушілер қатары еселеп артты. Қайта жаңғыртудан соң ескерткіш еңсесі 12 метрге, ол орналасқан жердің өзі (тұғыры) 2,5 метрге биіктеді. Бұған қоса, амфитеатрды жағалай бауырлас түркі елдерінің туы немесе ұлттық нышандары сап түзеді. Оған екі жылда бір мәрте өткізілетін «Қорқыт және Ұлы дала сазы» өнер фестивалі кезінде тутұғыр орнатылды. Бұрынғы ескі темірбетон материалдарды мрамор мен ұлутастар ауыстырды. Ал «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автожолынан арғы бетіндегі «Қорқыт ата зиярат ету орталығынан» осы ескерткіш кешенге дейінгі, одан «Ақсақ қыз» кесенесіне дейінгі аралыққа жүргіншілер жолы салынып, жарықтандырылып, аумақ түгел абаттандырылды.
Әңгімеңізге рақмет!

Сұқбаттасқан:
Мөлдір САБЫРЖАН

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!