Томас Мильц
Volkswagen маркасының белді бизнесмені Томас Мильц пандемияның кезінде біршама қиындыққа тап болды. Атақты менеджер 20 жылдық жұмыс тәжірибесінде бұрын-соңды мұндай қиыншылықтың болмағанын айтқан еді. Журналистердің сауалына мүдірмей жауап қайтқан бизнесменнің сұхбатын назарларыңызға ұсынамыз.
– Томас, коронавирустық пандемияның Volkswagen концернінің қызметіне қалай әсер еткені туралы әңгімелесеңіз. Осы кезеңде жауап ретінде қандай шаралар қолданылды? Сіз қандай қиындықтарға тап болдыңыз және компания бұрын-соңды болмаған дағдарысты қалай жеңуде?
– Көктемде коронадағдарысқа байланысты Қазақстан нарығындағы клиенттерге автокөліктерді жеткізуде қиындықтар туындады. Алайда Volkswagen дилерлері бұл жағдайға тез және кәсіби түрде тіл қатты, қазіргі шектеулерге қарамастан тамаша қызмет атқарды.
– Пандемияның әсерін ескере отырып, 2020 жылдың қорытындысы бойынша Volkswagen-нің Қазақстандағы нәтижесін қалай бағалайсыз?
– 2020 жылы Қазақстанда Volkswagen сатылымы 2 427 автокөлікті құрады, 2019 жылмен салыстырғанда сатылым өсімі – 44%. Volkswagen Қазақстандағы сату көлемі бойынша топ-10 брендтің қатарына кіреді. Бұл ретте біз – нарық үлесінің өсуіне қол жеткізген алғашқы ондықтың ішіндегі жалғыз автоөндірушіміз (2019 жылмен салыстырғанда). Жергілікті өндірістің болмауы бұл жетістікті одан да маңызды деп санауға мүмкіндік береді. 2020 жылы біздің дилерлік желі жылдың барлық қиындықтарына қарамастан үздік нәтижелер көрсетті. Қазақстан нарығы өте тез қалпына келді және күзде сұраныс өте жоғары болды. Мысалы, қыркүйек айында біз 243 Polo (соңғы төрт жылдағы ең үздік көрсеткіш); 77 Tiguan (2013 жылдан бергі рекорд) және 9 Touareg (2016 жылдан бергі рекорд) өткізу арқылы Қазақстанда автомобильдердің рекордтық сатылымына қол жеткіздік.
– Пандемияның жалғасып келе жатқан әсерін ескере отырып, 2021 жылы жалпы Қазақстанның автомобиль нарығынан не күтесіз?
– Қазір бізде бар ақпарат негізінде пандемияға байланысты 2021 жылы сату көлемі 2020 жылғы көрсеткіштерден сәл ғана асып түседі деп болжауға болады. 2021 жылы Volkswagen біздің нарықтағы үлесіміздің одан әрі өсуін қамтамасыз ететін бірнеше маңызды жаңа модельдерді шығарады: жаңа Поло, жаңа Tiguan, кейінірек жаңа Teramont, содан кейін біз бұл нарықта бұрын-соңды ұсынбаған су жаңа SUV келмек.
– Қазақстанда Volkswagen автомобильдеріне сұраныс құрылымында қандай да бір айрықша ерекшеліктер бар ма? Volkswagen-нің қандай модельі осы елде ең танымал?
– Көптеген басқа нарықтардағыдай, жаппай модельдер қол жетімді болуы керек. Қазіргі таңда Қазақстандағы бестселлеріміз Polo болып табылады. Ол – жаңа технологиялармен, соның ішінде мультимедиялық жүйелермен, сенімді қозғалтқыштармен, кең салонмен және «лифтбэк» жаңа шанағының арқасында, шын мәнінде, үлкен жүк бөлімшесімен тамаша жаңа автокөлік. Сондай-ақ біз Tiguan моделі сатылымының айтарлықтай өсуін байқаймыз. Қазір Volkswagen кроссоверлердің модельдік қатарымен жұмыс істеуде және мен айтып өткендей, 2021 жылы Қазақстанда бірнеше жаңа SUV пайда болады.
– Электрмобильдердің танымалдығы артуда. Сіздің ойыңызша, Қазақстанда «жасыл» автомобильдерге сұраныс өсе ме? Олар қазақстандық автоәуесқойларға қолжетімді бола ма?
– Бұған дейін Volkswagen басшылығы марка миллионерлер үшін емес, миллиондаған адамдар үшін электромобильдер шығаруды мақсат етіп отырғанын айтқан болатын. Volkswagen ID.3 — марканың алғашқы электр машинасы, ол жаппай және қолжетімді болуы керек. Оның бағасы ұқсас комплектациядағы дизель қозғалтқышы бар Golf моделінің бағасымен салыстырылады. Содан кейін ID.4 электромобилі пайда болады, ол танымал SUV сегментінде Volkswagen жаһандық моделінің рөлін атқарады. Ағымдағы жоспарларға сәйкес, 2025 жылы Volkswagen модельдік қатарына электр тартқыштағы 20-дан астам модель кіреді, ал марка жыл сайын шамамен 1,5 миллион электромобильді сатуды жоспарлап отыр. Белгілі бір елде электромобильдердің жүзеге асырылуы инфрақұрылымның болуына және дамудың жалпы тенденцияларына, сондай-ақ оның климатының ерекшелігіне байланысты. Электр мобильділік бірінші кезеңде Қазақстанда инфрақұрылым мәселесін тезірек шешуге болатын үлкен қалаларда дамиды деп болжауға болады. Кез келген жағдайда, электромобильдерге сұраныс болған кезде, Volkswagen маркасы өз өнімін ұсына алады.
– Volkswagen маркасының Қазақстандағы даму перспективалары туралы айтып берсеңіз. Сіз осы елде Volkswagen автомобиль өндірісін ұйымдастыруды жоспарлап отырсыз ба?
– Қазіргі уақытта біз жергілікті өндіріс мәселесін пысықтап жатқан жоқпыз, бірақ онсыз да Қазақстандағы Volkswagen маркасының даму әлеуетін көріп отырмыз. Біріншіден, біз Polo және Tiguan бестселлерлерінің жаңа нұсқаларын ұсынамыз, сонымен қатар 2021 жылы тағы көбірек жаңа модельдер пайда болады. Екіншіден, біздің дилерлік желіміз дамып келеді, сапа стандарттары өсуде және жалпы нарықта оң үрдіс байқалады. Осыған сүйене отырып, біз 2021 жылы нарықтағы үлесіміз бен сату көрсеткіштеріміздің өсу әлеуетін көре аламыз.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!