Мұқағали Мақатаевтың «Қош, махаббат» драмалық қойы­лымы көңіл тебірентеді. Оның үстіне жақында оны Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студент­тері көрерменге ерекше етіп ұсынды. Қайта жайқалған «Жау­қазын» студенттер театрының төрайымы Ақниет Маулен сұх­батымызда тарқаттық.

Театрды таңдауға не түрткі болды?
– Театр қоғамды адамгершілік пен рухани құндылыққа бастайтын бірден бір жол екені сөзсіз. Әдеби шығарманы сахналық қозғалыспен, яғни өзіне ғана тән театрлық бояумен жаңа күйге енгізіп, ондағы өзара қарым-қатынасты тірілтеді. Әрбір іс-қимыл, ашу-ыза, сезім дірілі, шаттық-күлкі, қуаныш пен қайғы тікелей көрерменге әсер етіп, түрлі күйге түсіреді. Ол көрерменнің өмірге, коғамның тыныс-тіршілігіне деген өзгеше көзқарасын қалыптастырады. Мен де осы орайда жас буынның театрға деген қызығушылығын оятқым келді.

«Жауқазын» қайта жайқалды»


– Театр – әдемі әлем. Ерекше өнерге жастардың қызығушылығы қандай?
Н.Бекежанов атындағы облыстық музыкалық драма театрына жиі барып, рухани шабыт алып қайтамыз. Сол кезде байқағаным, бүгінде театрға келетін жастар қарасы қалың. Кешегі өзіміздің қойылымда да зал лық толды. Біздің аудитория – жастар. Жалпы, театр 3-4 жыл бұрын құрылған. Бірақ бірнеше себепке байланысты өз жұмысын тоқтатқан. Мен театрға төрайым болып 2022 жылы келдім. Бүгінде жұмыс істеп жатқаныма 1 жарым жыл болды. Ең әуелі қызығушылығы бар студенттерді жинаудан бастадым. Кастинг жүргізіп, жас айырмашылығына шектеу қоймадым. Қызығып мектеп оқушылары да келіп кастингтен өтті. Бүгінде жақсы нәтиже көрсетуде. Әр студенттің өзіндік стилі, әртістік қабілеті қалыптасып келеді.

«Жауқазын» қайта жайқалды»


«Қош махаббатқа» көрермен шапалақ аямады. Қойылым ойдан шықты ма?
– Қойылым барысында жаңаша өзгерту кірістірілді. Спектакль әуен бимен үйлесіп сахнаның сәнін ашты. Қойылымды толық өз мойныма алып, режиссерлікті қатар алып жүрдім. Дайындыққа 2 ай кетті.

«Жауқазын» қайта жайқалды»


Басты рөлді ойнаған кімдер?
– Әр студент ерекше ынтамен қатысып, өзіне берілген рөлді алып шықты. Актерға бір рөлді сомдап шығу­дың өзі қаншалықты қиынға соғатынын білеміз. Сахнада тұрған адамды көрерменнің эмоциясы (мысы) басып тұрады. Бірақ сол көрерменнің қошеметі, құрмет көрсетуінің арқасында шабыттанып, рухтана түседі. Театрдағы жас әртістердің барлығыда тәжірибелі. Әлі де атқарар істі, өзін көрсетер уақыты алда. Басты рөлді Банудың рөлін өзім орындап шықтым, Айбардың рөлін Нұрсұлтан, Бағдаттың рөлін Батыржан, Асанның рөлін Ерген есімді студенттер ойнап шықты.

– Алдағы уақытқа жоспарларыңыз қандай?
– Жастарға арналған қойылымдар қоюды көздеп отырмыз. Студенттерден құралған театр болғандықтан қолымыздан келгенше жастардың түсінігінде әлемді көрсеткіміз келеді.
– Әңгімеңізге рақмет!

                                                                   Әңгімелескен:

Мөлдір САБЫРЖАН

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!