фото: ашық дереккөзден алынды
Қазақ пен қазанат егіз ұғым іспеттес. Бөліп қарауға әсте болмас. «Қазақ – жылқы тектес» деп жататынымыз да содан болар. Белгілі жазушы Асқар Сүлейменовтің: «Басқа халық қайдан жаралсын, мейлі маймылдан болсын, шатағым жоқ. Дәл біздің қазақ жылқыдан, тұлпардан туған» дегені тағы бар. Расында қазақ пен қазанатты байланыстыратын бір тылсым күш бары анық. Қазақ ғасырлар бойы жылқының жүйрігін, мықтысын бөлектеп, іріктеп өсірген. Одан бөлек қазаққа қызмет қылған ұлт қайраткерлерінің де сүйікті тұлпарлары болғанын ұмытпағанымыз абзал. Ендеше бүгін жылқының тарихы емес, қазанаты серігіне айналған қазақтың танымал тұлғалары туралы тереңдеп көрелік. Батырлар жырын оқыған әр қазақ Алпамыстың Байшұбары, Қобыландының Тайбурылы, Қамбар батырдың Қарақасқасы, Ер Тарғынның Тарланын жақсы біледі. Анталаған жауды қанатты әрі төзімді тұлпарсыз жеңу мүмкін емес еді. Сол себепті де батырларға қазанаты сенімді серік болды. «Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ» деп хакім Абай айтпақшы, жылқы баласының сұлу жаратылысы талай ақынға жыр да болды, көркем образға да айналды. Жылқының ерекше қасиеті батырлар жырында ғана көрініс тапқан жоқ, одан кейін де талай тұлғаға сенімді серік болды. Ақан серінің Құлагері туралы Ілияс Жансүгіров ерекше поэма жазды. Ақынның «Құлагер» поэмасы талай жанның жүрек қылын шертті. Тұңғыш олимпиада чемпионы болғаны Абсент жылқысы да Луговойдан шыққаны белгілі. Жылқы мен қазақ егіз ұғым дейтініміз де содан болар.
Міржақыптың Алагөзі
Міржақыптың атқа құмарлығы бала кезде басталған. Жүйрік ат, құмай тазы – ер жігіттің қайраты. Міржақып та сондай сұлуға құмартса керекті. Гүлнәр Дулатованың «Шындық шырағы» атты кітабында әкесінің жылқыға құмарлығын ерекше суреттейді. «Әкем жылқы малын жақсы көретін, асылтұқымды жүйрік сәйгүліктерге құмар болатын. Елде өзі мініп жүрген талай аттарын сағынып, мақтанышпен есіне алатын. Қызылордада таныстары сыйлыққа берген екіүш аты есімде, бірақ мырза Міржақыптың қолынан тез тарап кететін, келген жекжаттарына мінгізіп жіберетін. Ақбоз атын ертұрманымен Шоңның Жүсіп қажысына (Ахметсафаның әкесі) бергенін білемін. Өзінің ұсталып кеткенінше мініп қызығын көрген жирен қасқа Алагөзін бәріміз жақсы көретінбіз. Оған байланысты көп қызық оқиға өткен, оны қоя тұрайын. Әкем Алагөзге мініп, редакцияға баратын, аңға да шығатын. Аңшылық дегенім – құс атуды әуес көретін, айтулы мерген еді» деп жазады.
Құлагердей ат қайда?
Атқұмар қазақтың бірі – Сәкен Сейфуллин. Ол туралы Сәбит Мұқанов тың «Өмір мектебінде» ерекше сурет тейді. Сәкеннің жылқыға арнаған өлең дері де өте көп. Тар қапаста жатып, жыр лаған өлеңдерінің бірі «Тұлпарым» деп аталады. Бұл бір жағынан еркіндікті аңсаған қазақтың өз тағдыры болса, екін ші жағынан тұлпарын сүйген Сәкен нің өз зары болатын.
– Темір торлы тас үйде,
Көкірегім толды шерменен.
Қанатты, тағы тұлпарым,
Арқырап келші кермеден.
Тұмарлап баптап, айдарын,
Құйрығын сүзіп ерлеген.
Құтқаршы мені қамаудан
Шынжырлап ерік бермеген.
Сәкен мұны түрмеде жатқан азапты күндерде жазған. Туған жерге деген сағынышын осылай жеткізген. Сол сағы нышты «тұлпар» образында беріп отыр.
«Құлагер» – Ілияс Жансүгіровтің шоқты поэмаларының бірі. Ақынның Құлагерді жырлауына Ақан серінің өмірі мен тұлпары себеп болғаны даусыз.
Әрі атақты серінің «Құлагер» өлеңі де ерекше әсер қалдырса керекті. Тарихтан белгілі, Құлагердің өлімі Ақанға оңай тиген жоқ. Ол айдалада Құлагердің басын құшақтап, көзінен қанды жас аққанша жылағанын Сәкен Жүнісовтің «Ақан сері» романында да жазады. «Осы кезде шапқылаған ат дүбірі емісеміс естілгендей болды да, іле «Қарағым! Қанатым!» деген иесінің дірілдеген даусы дәл құлағының түбінен шықты. Ақтық рет ышқынып, басын көтеріп алған Құлагер сары аттан домалай түсіп тізерлеп отыра кеткен Ақанның құшағына жағын төседі. Иесі нің үсті де шылқылдаған су екен. Ағылтегіл боп аққан көз жасына малып ал ғандай. «Айдалада жалғыз қалдырмай, жеттің бе, үлгердің бе? Менің қазам енді жеткен шығар, ризамын саған, бақыл бол!» деп кісінегендей болды. Бірақ тағы да үні шықпай, ерні жыбырлаған күйі көзі жұмылмай қалды. Оқыс тұяқ серпіп, қинала керілген Құлагердің ашық қалған көзінде мөлтілдеген жас төгілмей тұнып тұр. Ақанның көзінен бір тамшы жас әлгі көлге үзіліп түскендей жан біткендей дір етті. Ақан аһ ұрып, он жыл серік болған аяулы досының жансыз көзін жапты»… Жауыздықтың шегі болмас, қаныпезерлер Құлагерді ғана өлтірген жоқ еді, ақынды да «тірі өлікке» айналдырған. Жан жүрегі паршаланып, Құлагерін құшақтап, егіліп жылаған Ақан бейнесі қалды…
Батыр мінген Ақбоз ат
Батыр Бауыржан Момышұлының есімі аталғанда, Ақбоз аты қатар айты лады. Ол туралы аңыз да, әңгіме де көп. Ақбозы туралы батыр өз естеліктерінде де жазып қалдырған.
«Мен – ат баптар қазақтың баласымын. Жылқы жүйрігін айтпай танимын. Егер білсем, бұл – қазақтың қарабайыр жыл қысы. Еркін далада құйынмен жарыса, көсіле өскен, кең тынысты жан уар. Күнтүн шапсаң талмайды өзі және ақбоз екен, – деп аттың жонарқасын сипап, сауырын қағыпқағып қойдым» дейді естеліктерінде.
Жанында тұрған старшина ақ боз атты таңдауының сырын сұрағанда: «Жылқының ақбозын халық қасиетті деп санайды. Біздің елдің батагөй қариясы да, ел қорғайтын батыры да ақбоз айғыр мінген. Егер сол аттың иесі шейіт болса, оның асына ақбоз шалатын болған. Бұл ертеден келе жатқан дәстүр, түсіндің бе?» дегені тағы бар. Сол тұлпары батырды талай оқ пен оттың арасынан алып шықты. Тіпті, кейде сапты жаяу аралағанда аты қасында бірге еріп жүреді екен. Тұрса – тұрады, отырса – отырады. Дауысы қатты шықса, тұмсығымен түрткілейді екен. Батырдың нағыз сенім ді серігіне айналған.
Тұлпар мініп, ту алған қазақтың батыр лары аз емес. Кеңес келіп, малын, жылқыдан түсіріп, тақырға отырғызды да кетті. Атқа шапқан қазақ жаяу қалды. Алаштықтар арасында жылқы малына құмартқаны Міржақып Дулатов екенін жаздық. Одан бөлек, жылқы малын ерекше қадірлегені бар ма? Профессор, ғалым Айгүл Ісімақоваға: «Міржақыптың «Алагөзі» ғана еске түседі. Негізі, олар ат мінетін заман болмады ғой: патшаның қудалауы басталды, совет кезінде атқа тек коммунистер мінді», – дейді.
Алаштан кейін атқа отырған – Бауыржан Момышұлы секілді. Қаһарман ұлдың ақ боздың үстінде қасқайып отыр ған сәті таспаланып қалған. Ел есін жиып, атқа құмарта бастағаны бертінде секілді. Оның өзінде бәйгеге шаппаса, жаппай атқа шапты деп тағы айта алмаймыз.
Қазақ ашаршылық тұсында аттан айрылды. Қанаты қайырылды. Біз атқа мінген арыстар туралы жазғанда ежелден жауынгер ұлттың ұландарының рухы жоғары болғанын айтқымыз келген. Әлихан Бөкейхан «Ұлтқа қызмет ету – мінезден» дегенде, тұлпар мініп, ту ұстаған өршіл халыққа табиғаттан дарыған осы еркін мінезді меңзесе керек. Осы күнгі кей жастардың көбіне бозөкпе, босбелбеу, ынжықтау келуінің бір себебі – ат үстіне үзеңгі артпағандықтан емес пе екен деп қалатынымыз да жасырын емес. Оның үстіне қазіргі жылқы ұстап, ат баптаған азаматтар мініске арналған жылқыдан гөрі бәйгеге, ат жарыстырып, атақ шығармақ ниетпен ғана ұстап жүрген сияқты көрінетінін айту артық болмас.
Нұрсұлтан РАМАНЗАНҰЛЫ
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!