Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде жеке құрам қызметкерлері бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында мекемеде кітапхана қызметі жұмыс жасайды. Өйткені, жеке құрам қызметкерлері арасында «артық білім кітапта, ерінбе оқып білуге » қағидасын ұстанатындар саны жеткілікті. Осы орайда, Әбділдә Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасынан 35 дана кітап тергеу мекемесіне сыйға тартылды.
– Біз тергеу мекемесінің қызметкерлерімен біраз жылдан бері бірлесе жұмыс атқарып келеміз. Мекеменің кадр саясат тобының ұйымдастыруымен жекеқұрамның жас қызметкерлері кітапханада өткізілген әртүрлі іс-шараларға шақырылып, қатысып тұрады. Сондай-ақ, мекеменің қызметкерлері арасында түрлі тақырыптардағы кітаптарға қызығушылар саны жетерлік. Сол себепті де, бұл жолы 35 дана кітапты сыйға тартып отырмыз – дейді, рухани ордаданың құжаттарды жинақтау, өңдеу және каталог ұйымдастыру бөлім меңгерушісі Светлана Ильясова .
Сыйға тартылған кітаптардың ішінде қазақ әдебиетінің классик жазушылары М.Әуезов, І.Есенберлин,С.Мұқанов Ә.Әлімжанның романдары мен ақын О.Сулейменов , Т.Молдағалиев пен Шахановтың да, өлеңдер жинағы және танымдық кітаптар мен фантастикалық шығармалары бар.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!