Арыстан
Бұл жылы сіздің айналаңызда тек сенімді адамдар қалуы керек. Материалдық тұрақтылық тек еңбексүйгіш адамдарда ғана болады. Жылдың екінші жартысында сәттілік күтеді. Сиыр жылы сіз сүйген жаныңызға ерекше сенім артасыз. Бұл жүрегіңізге жылулық орнатқанымен, кей жағдайларда күдік тудыруы мүмкін. Сондықтан әділ болыңыз. Табысқа жету үшін табандылық пен төзімділік керек. Ең бастысы, бақытты болашаққа сену қажет. Бұл жыл өзін-өзі дамытуға, талантыңызды көрсетуге мүмкіндіктер ашады. Ішкі қуатыңыз бен қабілетіңізге ерекше мән беріңіз. Өзіңіздің дамуыңызға ықпал ететін адамдармен араласқан жөн. Көктем айында қаржыдан аздап ауыртпалық сезінесіз, дегенмен бұл қиындықтар сізге жаңа шабыт пен ықылас береді. Екінші жартыжылдықта болмашы жағдайларға қиналып, таусыла бермеңіз. Жүйке жүйеңізді сақтаған дұрыс. Сапарға аттанатын болсаңыз, алдын ала жақсылап дайындалыңыз.
Махаббат
Жалғызбасты жандар үшін сиыр жылы қиындық әкелуі мүмкін. Олар жартымды табам деп аздаған қолайсыздыққа кезігеді. Шалт мінезділік пен қызбалықтан аулақ болыңыз. Жылдың келесі бөлігі көптен күткен сүйіктіңізбен танысуға мүмкіндік жасайды. Әрине алдымен қадамды өзіңіз жасайтыныңызды ұмытпаңыз. Ал махаббатын кезіктіргендер жылдың соңына қарай отбасын құруы мүмкін. Отбасылы жандар үшін көктемнің ортасы шиеленіске толы болуы ықтимал. Жұбайыңызға барынша көңіл бөлу арқылы шаңырағыңызды берік ұстай аласыз.
Қаржы
Қаржы жағынан жаңа жыл арыстан белгісіндегілерге жұмсақтық танытады. Кәсіпкерлерге тигізер пайдасы да шаш етектен. Алайда жұлдыздар кез келген таныстыққа сене беруден сақтанып, әріптестердің жұмысына аса кірпияздықпен қарауды ұсынады. Абайламаса, алданып қалуы мүмкін. Желтоқсан айы кәсіби қиындықтар әкелуі мүмкін, сол себепті жақын жандардан көмек сұраңыз. Ал қызмет ауыстырғысы келетіндер екінші жарты жылдықты күткені абзал. Қиындықтарға тап болмас үшін өзге кіріс көзіне назар аударыңыз.
Денсаулық
Келер жылы Арыстандардың денсаулығы сыр бермейді. Ал жүрек-қан тамырында қиындықтары бар жандар күз айында жағдайының біршама жақсарғанын байқайды. Жаз уақытында жұқпалы аурулар өршімес үшін сақ болыңыз. Жеке гигиеналық қағидаларды жіті бақылап, сырқаты барлардан бойыңызды аулақ ұстаңыз. Бұрын-соңды өтпеген емдік процедураға барған дұрыс. Күз айында жұмысқа шексіз ынтаңыз денсаулыққа кері әсер етуі мүмкін. Ән тыңдаңыз, таза ауада серуендеп, қозғалысты көбейтіңіз. Денсаулыққа оң әсері тиеді.
Аударған Айгүл ӘЛІШЕРОВА
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!