Ұлы даланың ұлы перзенті, қазақтың дана ойшылы – Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуы еліміздің рухани өміріндегі ерекше оқиға. Абай мұрасы – ұлттың ар-ожданы, халықтың рухани шамшырағы.
Абай – қазақ қоғамындағы әділдік пен адамгершілік ұстанымдарының жарқын үлгісі. Оның шығармаларында адалдық, еңбекқорлық, білім мен ғылымға ұмтылу, бірлік пен имандылық тақырыптары терең өрнектелген.
Сот жүйесінің қызметінде де Абайдың әділдікке шақырған қағидалары ерекше мәнге ие. «Әділет пен ақиқат кімде болса, сол кісі адам» деген ұлы ой – қазіргі құқық саласының да басты ұраны. Судьяның шешімі әділ болса – халықтың сотқа деген сенімі де жоғары болады.
Абайдың қара сөздері мен өлеңдері – әр буынға арналған өмірлік сабақ. Бүгінгі ұрпақ оның идеяларын жаңаша түсініп, заманауи қоғамда әділдік пен адамгершілік қағидаттарын нығайтуы қажет.
Абайдың 180 жылдығын атап өту – тек мерейтойлық шара емес, бұл рухани жаңғыру мен ұлттық сана-сезімді тереңдетудің көрінісі.
Л.Әбдуәли,
Қызылорда қаласының әкімшілік
құқық бұзушылықтар жөніндегі
мамандандырылған сотының
жетекші маманы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!