Қазіргі қоғамда адамдар «мотивация» сөзін жиі қолданады. Бір өкініштісі, солардың қатарынан күн сайын күйзелісте жүрген, өз өміріне қанағаттанбайтын жастарды жиі кездестіруге болады. Мұндай жағдайда жастарды қалай жігерлендірген дұрыс? Бүгінгі буын ертеңгі күнге үмітпен қарау үшін нені білу керек?
‒ Ең алдымен жастар адамның өмірге келудегі және өмір сүрудегі мақсатын білуі тиіс. Сол мақсатты түсінсе, мотивацияның «көкесін» айтып өткен Абай атамыздың:
Кеше бала ең, келдің ғой талай жасқа,
Көз жетті бір қалыпта тұра алмасқа.
Адамды сүй, Алланың (жаратудағы) хикметін сез,
Не қызық бар өмірде онан басқа?! – деген терең мағыналы сөздерінің мәнін ұғар еді. Жастарға ең әуелі сол тәрбиелі білімді, рухани байлығымыз бен шариғи құндылықтарымызды үйретуіміз керек.
Адам өмірге келген мақсатын білген кезде мақсатына сай өмір сүріп, ұлт зиялыларының жанашырлықпен айтып кеткен сөздерін түсінген сәтте өмірдің мәнін сезеді, ‒ дейді дін маманы.
Осы орайда жастарға пайдалы болады деген ниетпен ғалымдар көрсеткен күйзеліс пен стрестен құтылудың жолдарын ұсынып отырмыз. Олар:
- Барлық нәрсе Алланың қалауымен болатынына, Оның күш-құдіреті барлығына жететініне сену;
- Оған бойұсынып, Одан ғана жәрдем сұрау;
- Күнәларыңызды мойындап, Алладан көбірек кешірім сұрау (истиғфар), Алланы зікір ету (СубханАллаһи уа бихамдиһи, Аллаһу Әкбар, Уә лә хәулә, уә лә қууәтә иллә билләһ, Астағфируллаһа уә әтубу иләйһ);
- Дұға жасағанда Әс-Сәмииъ (Естуші), әл-Муқтәдир (Өте Қуатты, Алланың өктемдігінде, әл-қуатында шек жоқ), әл-Мужииб (Жауап қатушы), әл-Уәһһәәб (Сыйлаушы, Сый берушілердің Ұлысы) секілді Алланың көркем есімдері мен сипаттарын еске алу, тілге тиек ету;
Мысалы, “иә, әл-Ғании, мені байыт, әр-Раззәәқ, ризық-несібемді кеңейт”, т.б - Алланың рақымынан, мейірімінен, жарылқауынан ешқашан күдер үзбеу.
Сеніммен тілеу; - Барлық істі әр-Раззәәқ (ризықты мол етіп беруші) Аллаға тапсыру, Оған ғана тәуекел ету;
- Алланың сөзі болған қасиетті Құранды оқу, тыңдау. Мән-мағынасына ой жүгірту. Алла Құранда: «… Біліңдер! Жүректер Алланың Еске салуымен (Құранмен) ғана тыныштық тауып, орнығады» деген. (“Раъд” сүресі, 28-аят);
- Намаз оқу. Расында, Алланы еске алудың ең үлкен түрі – намаз!
“Әй, иманға келгендер! Сабыр және намаз арқылы Алладан жәрдем тілеңдер!” (“Бақара” сүресі, 153-аят).
Гүлдана ЖҰМАДИНОВА
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!