Байқоңырда сотталған әйел азаматшаға рақымшылық жасалды. Ол 2021 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 309-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықпен айналысқаны үшін 1 жыл 6 ай мерзімге шартты түрде сотталған. Ж есімді азаматша қылмыс жасау кезінде ұсталып, қылмысы әшкереленген болатын.

  • Қылмыстық жазаға сотталған азаматшаның мінез-құлқы мен жүріс-тұрысын бақылау Байқоңыр қалалық пробация қызметіне жүктелген еді. «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңына сәйкес азаматша ауырлығы орташа қылмыс жасағандықтан және қылмысымен залал келтіруге әкеп соқпағандықтан Қызылорда облысы Байқоңыр қалалық сотына Байқоңыр қалалық пробация қызметі тарапынан іс-құжаттар жолданған. Сот отырысында сотталған Ж. есімді азаматша өзінің жасаған қылмысына шын жүректен қынжылып, жаза өтеу мерзімінде өзінің дұрыс мінез-құлқымен өзінің түзелгендігін, енді ешқандай қылмыстық құқық бұзушылыққа бармайтындығын айтты,-деді Байқоңыр қалалық пробация қызметінің бастығы әділет капитаны Айдос Танбаев.
    Нәтижесінде Қызылорда облысы Байқоңыр қалалық сотының қаулысысмен сотталған Ж. есімді әйел азаматша жазаны одан әрі өтеуден босатылды.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!