Тоқты
Беделіңіз өседі, дегенмен пікір келіспеушілік орын алып, өзгелермен қарым-қатынасыңыз қиындай түседі. Дамуға, белсенділік танытуға қолайлы кезең.

Торпақ
Сабырлық танытсаңыз, жұмысыңыз өрге басады. Іскерлік байланысыңыз кеңейіп, жаңа адамдармен танысасыз, ол мансабыңызға әсер етеді.

Егіз
Шығармашылық белсенділігіңіз артады. Апта мазалаған сұрақтардың жауабын табуға және интеллектуалды жұмысқа арналған.

Шаян
Маңызды құжаттарға қол қою үшін, келісімшарт жасау үшін осы уақытты пайдалансаңыз болады. Жаңа дүние меңгеруге қолайлы уақыт. Бұған қоса оқуға және сапар шегуге мүмкіндік туады. Жұмыста орын алған кез келген мәселені түйсігіңіз арқылы шеше аласыз.

Арыстан
Өмір сүруге деген құштарлығыңыз айналаңыздағыларға қуат беріп, жағымды эмоция сыйлайды. Ең ауыр мәселенің шешімі тез табылады. Мақсат еткен нәтижеге жетіп, барлығының назары сізге ауады. Алға қойған жоспарыңыз өзіңіздің не ойлағаныңызға тікелей байланысты болады.

Бикеш
Апта демалыс пен саяхаттауға келмейді. Жұмысыңыз көбейіп, бұған дейінгі жобаларды түзетуіңізге тура келеді. Ал ісіңізде белсенділік танытпасаңыз тіпті, жұмыстан шығып қалуыңыз да ғажап емес. Серіктестеріңізге арқа сүйемегеніңіз жөн.

Таразы
Аптада жобалар алға жылжып, қаржылай табыс әкеледі. Дене шынықтырумен жиі айналысасыз. Бұл аптаны жалғыздықта өткізбеген дұрыс.

Сарышаян
Жұмыс кестесіне мән берген жөн, әйтпесе біраз қиындық туындайды. Сондықтан ұсақ-түйек пен ұқыптылық жайлы ұмытпаңыз. Іскерлік әңгімелесу барысында тақырып аясынан ауытқымаған дұрыс, бұдан бөлек арақашықтық пен белгілі бір ережені ескеріңіз.

Мерген
Жұмысыңызда қиындық орын алады, ісіңізде кедергілер мен әріптестердің наразылығына кезігесіз. Жеке басыңызға қатысты қолсұғушылыққа жол бермейсіз. Жетістікке жетуге деген ынтаңыз осы уақытта айқын байқалады.

Тауешкі
Жұмыстың жемісін күтуіңізге тура келеді, ал нәтиженің көрінуі еңбекқорлығыңыз бен қабілетіңізге байланысты болмақ. Байыпты, байсалды істерге бет бұрыңыз.

Суқұйғыш
Кішкентай қателік үлкен мәселеге айналуы мүмкін, сондықтан мұқияттылық танытыңыз. Бұл аптада жұмысқа қатысты дүниелерді шешуге болады. Мақсатыңызға жету үшін белсенділік танытып, жауапкершілігіңізді көрсетіңіз. Осы кезең алдағы жоспарларыңыз бен өмірлік мақсаттарыңыз жайлы ойлану үшін тиімді уақыт болады.

Балық
Кәсібіңіз тұралап қалса немесе жұмысыңызда қиындық туындаса, аптықпай ойланыңыз. Бәрін уақыттың еншісіне қалдырған дұрыс. Жұлдыздар сізге жаңа жұмысқа ауысуға үй алып немесе баспанаңызға жөндеу жұмыстарын жасауға және маңызды шешімдерді жүзеге асыруға кеңес береді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!