Кеңес заманында Сырдария мен Арал теңізінің арасында қатынаған «Қызыл балықшы» өндірістік тасымалдаушы кемесі қырық жыл бұрын Қызылорда өңірін астаң-кестең қылған дауылда жоғалып кеткен еді. Экипажы аман қалғанымен, өзі тереңге кеткен су көлігінің тағдыры күні бүгінге дейін белгісіз болып келген.
Newscorr-ға бейнематериал жолдаған Қызылорда өңірінің тұрғыны «Қызыл балықшыны» облыс орталығынан 60 шақырым қашықтықта орналасқан батағалардың бірінен тапқан, деп хабарлайды Экспресс К.
Өз заманында аталмыш кемені тізгіндеген капитан Қамысбай Шортанбаев су көлігі батып кеткенше Сырдария арқылы тауар тасымалдау жоспарын асыра орындап отырған.
Енді «Қызыл балықшыны» тауып алған аймақ тұрғындары оны темірге өткізуге ниетті. Бейнежазба авторының айтуына қарағанда қырық жыл су астында жатып, толықтай шіріген кеменің салмағы 4-5 тонна шамасында болуға тиіс. Оңай олжаның иелері «Қызыл балықшыдан» шамамен жарты миллион теңге пайда табуды жоспарлап отыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!