Әділет министрінің 2020 жылғы  29 ма­мырдағы №69 бұйрығымен Атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер қағидалары бекі­тіл­ген. Толығырақ тарқатсақ, «Өндіріп алу­шы­ның өтініші бойынша атқарушылық құ­жаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидасы әзірленген болатын.

Аталған қызметті атқарушылық іс-әре­кеттердің жаса­лу орны бойынша аумақтық әділет ор­гандары көрсетеді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері, ол көрсетілетін қызметті беруші «Аза­маттарға арналған үкімет» коммерциялық емес ак­ционерлік қоғамы немесе «электронды үкімет»www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асыра алады.

Бұл ретте «Қандай құжаттар қажет?» сауал туын­дауы орынды. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес, нысан бойын­ша атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы өтініш, ҚР азаматтық іс жүргізу заңнамасына сәйкес берілген cот бұйрығы, судьяның қолы және соттың мөрімен куәлан­дырылған заңды күшіне енгені туралы белгісі бар сот актісінің көшірмесімен қоса актi негi­зiнде берiлген атқару парағы, жеке басын куәлан­дыратын құжат қажет. Бұдан бөлек, «Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде іс жүргізуді қозғау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидалары Әділет министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тір­кел­ген.

А.ОРАЗБАЕВА,

сот орындаушы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!