Балаларды тәрбиелеу, тарихты ұғындыру, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіру ‒ басты міндет. Осы мақсатта облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен “Атамекен” отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілерін облыстық мұражайға апарып, тарихи экспонаттармен таныстырып, экскурсия жасалды.
Мұражайдағы көне жәдігерлер ерте заманның айнасы іспеттес. Экскурсия соңында балалар тарихи-өлкетану мұражайының үлкен әсер қалдырғанын айтып, пікір алмасты.
Қазіргі уақытта өскелең ұрпаққа заттай дәлелдемелер мен өткен ғасырлар сырын шертетін мұражайлар өте маңызды. Сондықтан осындай игі шараны бірлесе атқарған мұражай қызметкерлеріне балалар шексіз алғыс білдірді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!