ҚЫЗЫЛОРДА ОПД ЕҚҚ ІҚБ ЖАРИЯЛАҒАН САЙЫСЫҚА
Қазіргі таңда есірткі пайдалану біздің елімізде де көбейіп, күнделікті естілетін әңгімеге айналып кеткен. Қаншама адам осы есірткіні пайдаланып, өз өмірін қор қылып жатса да, тыйым болмай тұрғаны өте өкінішті жағдай. Әрбір адам өз отбасын ойлай отырып, жаман әдеттен аулақ болу керек қой.
Ата-анам үнемі отбасымыздағы бесеумізді жаман әдеттен аулақ болуға шақырады. Отбасымыздың әрі қарай жалғастырушысы – жастарымыз есірткіден өзін аулақ ұстап, елдің дамуына, жарқын болуына үлес қосу керек деген сөздерді жиі айтады. Есірткі өмірімізді жаман пиғылға толтырып, мінез-құлқымыздың өзгертеді. Бұл – ата-анамыздың біздің құлағымызға күнделікті құйып отырған өнеге сөздері.
Біздің отбасымызда әкем – Нұрхан Тоғызбаев су шаруашылығында жұмыс жасаса да, спортпен айналысқанды ұнатады. Анам – ұстаз Гүлсім Әбділдаева, біздің тәрбиемізге мән береді. «Әке – асқар тау, ана – сылдырап аққан бұлақ, бала – жағасындағы құрақ» деп халық мақалын айтып, ұрпағыммен мың жасаймын, сендер жақсы азамат болуларың керек деп отырады. 9 сыныптағы әпкем сурет үйірмесіне, 6 сыныптағы ағам күреске қатысады. Мені 1 сыныптан бастап би үйірмесіне бапы жүрмін. Кішкентайымыз балабақшада. Біздің отбасы осылайша есірткіден аулақ болудың жолын ұстанады.
Біз саламатты өмір салтын ұстанамыз. Сондықтан мен достарымды үнемі ата-анам айтатын зиянды заттар тұтынбауға шақырып отырамын.
ТОҒЫЗБАЕВТАР отбасы,
Қармақшы ауданы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!