Арал ауданына Болат Өтемұратов қоры есебінен 1700 қап жем жеткізілді.

Арал ауданындағы қуаңшылық жағдайына сәйкес Б.Өтемұратов қоры есебінен аудан шаруаларын мал азығымен қамтамасыз ету мақсатында бидай жемін тасымалданып, тұрғындарға үлестіріліп берілуде.

Бүгін қор есебінен жеткізілген 1700 қап жем аудан орталығына және ауданға қарасты Аралқұм, Ақирек ауылдық округінің мал ұстап отырған тұрғындарына кезектілікке сәйкес таратылып берілді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!