Мемлекет басшысының айтуынша, жаңадан құрылатын облыстардың Абай, Ұлытау, Жетісу деп аталуында ерекше мән бар. Бұл қоғам санасында рухани сілкініс жасай отырып, әлеуметтік-экономикалық ахуалы нашарлап бара жатқан қалаларды жаңғыртуға мүмкіндік береді. Сенат депутаты Дана Нұржігіт Жолдауда айтылған бастамалар саяси бағытымызды айқындай түсті дейді.
«Біз жоспарымыз анық және жасайтын істеріміз де бүгін нақты алдымызға қойылды. Бұл сайлау жүйесіне, әкімшілік аумақтық құрылымыз жөнінде де айтты. Ол облыстардың атауының өзі қазақтың жүрегіне жақын. Біздің ұлы, қастерлі дүниелеріміздің өзі бізге қайтіп оралғанның өзі халыққа сүйіншілетіп айтатын дүние деп ойлаймын», – дейді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дана Нұржігіт.
Хабар 24
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!