Фото: imghub.ru

Дос туралы оқиын мен бір өлең

Бөлек болған әңгімесі өзгеден.

Адал досты қадірлей біл барында,

Сатып кетер дұшпандар көп жүздеген.

Дос деген ол әр адамға берілмес

Досы барлар еш уақытта жеңілмес.

Қиын сәтте көмек керек болғанда,

Қолын созар досқа ешкім тең келмес.

Бәрін айтып досыма мен мұңымды

Достар ғана білер барлық сырыңды.

Не болсада естіп және тыңдайтын,

Әр кездерде керексіз бір жырымды.

Түзу жолды досың егер көрсетсе,

Ондай досқа айтшы досым не жетер?!

Кей біреулер адал досты білмейді

Кей біреулер сатқын досқа кезігер.

Кәусар РАХМЕТ,

 Б.Шалғынбаев атындағы №217 ІТ мектеп-лицейінің

 5 «А» сынып оқушысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!