«Қазалы ауданы көлемінде қоғамдық-саяси маңызы бар іс-шараларды ұйымдастыру» атты әлеуметтік жоба аясында Қазалы ауданының әлеуметтік-экономикалық және рухани-мәдени дамуына сүбелі үлес қосқан тұлғаларға сый-құрмет көрсету дәстүрге айналған. Осындай игі бастама аясында, елге өнегелі өмір жолымен танылған, берекелі отбасы өмірімен көпке үлгі болған, отау құрғандарына 50 жыл толған «Алтын той» иесі Қошқаров Бақытбекке ерекше құрмет көрсетілді.
Аталған шарада алтын той иесі арнайы құттықталып, аудан халқы атынан жүрекжарды ізгі тілектер жолданды. Құрметтің нышаны ретінде иығына шапан жабылып, ақ батасы алынды.
Бұл – елге еңбегі сіңген азаматтарға деген шынайы алғыс пен ризашылықтың айғағы, ұрпаққа үлгі боларлық тағылымды тағзым.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!