2023 жылғы 27 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне процестік заңнаманы жетілдіру және сот жүйесін реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға  қол қойды.

        Түзетулерге сай, балалардың мүдделеріне қатысты заңдардың жекелеген ережелері нақтыланды, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған соттардың құзыретіне азаматтық істердің кейбір санаттары берілді.

Атап айтқанда,

        – кәмелетке толмаған ортақ балалары бар ерлі-зайыптылар арасындағы некені бұзу туралы;

        – мүлікті бөлу туралы (кәмелетке толмаған балалар болған кезде);

        – алименттердің мөлшерін өзгерту туралы, кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға алимент төлеуден, алименттер бойынша берешекті төлеуден босату туралы;

        – кәмелетке толмағандардың мұрагерлік құқықтарын қорғау туралы;

        – Қазақстан Республикасына заңсыз алып келген немесе Қазақстан Республикасында ұсталып отырған баланы кері қайтару туралы немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттың негізінде осындай балаға қатысты қолжеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы және тараптардың бірі кәмелетке толмаған болып табылатын басқа да істер.

        Аталған түзетулер 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

         Осыған орай,  алдағы уақытта көрсетілген санаттағы азаматтық істер бойынша талап қоюлар кәмелетке толмсағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттарда қаралатын болады.

        Мекен-жайымыз: Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, Шүкіров көш, 9

        Тел: 21-60-13, 21-60-10

(соттың ватсап желісіндегі номері: 8-705-778-77-12)

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!