Қазақстанның ұялы байланыс операторлары Kcell мен Beeline 4 қаңтарда еліміздің бірқатар өңірлерінде байқалған желідегі ақауларды түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Beeline мәліметінше, ұялы байланыстағы ақаулардың пайда болуына ұйымның қатысы жоқ.
«Қазір біз компанияға тәуелді емес себептерге байланысты мобильді интернет қызметін көрсетуде шектеулерге тап болдық”, – деп жазды Beeline өкілі.
Kcell-де желідегі ақаулар елдегі жағдайға байланысты деп түсіндірді.
«Қазақстан Республикасының «Байланыс туралы» заңының 41-1-бабының 1-2-тармағына сәйкес, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының құзыретті органдары мүдделері үшін терроризмге қарсы және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында желілердің жұмысын тоқтату және байланыс қызметтерін көрсету бойынша шаралар қабылдануда», – деп жазды компания өкілдері.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыда мобильді интернет пен мессенджерлер істен шыққаны айтылған еді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!