Арал аудандық пробация қызметінің есебіндегі 22 сотталған рақымшылыққа ілінді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты 2021 жылдың 7- желтоқсанында қолданысқа енген рақымшылық заңына сәйкес есепте тұрған 75 азаматтың бақылау және жеке істері зерделенді.
- Зерделеуден өткен 22 есептегі азамат рақымшылықпен негізгі жазадан босатылды. Оның ішінде 10-ы жаза өтеуден босатылса, қалған 12-нің өтелмеген мерзімдерінің бір бөлігі қысқартылды. Қазіргі таңда осы 22 азаматтың құжаттары сот органдарына жолданып, барлығы заң күшіне енді,-деді Арал аудандық пробация қызметінің бастығы әділет подполковнигі С.Сейталиев.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!