Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің психолог-инспекторы Самат Курунбаев Шиелі аудандық пробация қызметінің есебіндеге қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түрінде сотталған 40 азаматты қабылдады. Психолог маман қабылдау барысында олармен қайталап қылмысқа жол бермеу, қоғамға бейімдеу тұрғысында сұхбат жүргізді.
- Жалпы психолог маманның қабылдауында жиі болып тұрған жақсы. Шешімін таппай жүрген ішкі толғаныстарыңды сыртқа шығарасың. Тығырықтан шығудың жолын айқындайсың. Оған өзімнің қазіргі жай-күйімді айттым. Ол кез-келген қиын сәттерде өз-өзіңе деген сенімділік маңызды екенін түсіндірді,-деді есептегі азамат.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!