Қазалы ауданында полиция шақырып, өзі туған нәрестені көшеден тауып алғаны жөнінде жалған айтқан әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Оқиға аудан орталығы – Әйтеке би кентінің шеткі аймағында болған. Кент тұрғыны өзі дүниеге алып келген шақалақты көшеден тауып алдым деп полицияға жалған айтқан.
«Әйел қазір босанған шақалақ екеуі перзентханада ем қабылдауда. Оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 119-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», – делінген Қызылорда облыстық полиция департаментінің хабарламасында.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!