Қазақ балаларын білімге жетелеп, тұңғыш рет мектеп ашқан Жәңгір хан еді. Ол Бөкей ордасының соңғы ханы. Халық арасында «Жәңгір мектебі» деген атаумен белгілі болған бұл білім ордасы 1841 жылы ашылған болатын. Bugin.kz порталы осы тарихи оқиға үңіліп көрді. 

Мектепте діни дәріспен бірге орыс тілі, арифметика, тарих, жағрафия,  дінтану және шығыс тілдері  секілді негізгі ғылыми пәндер оқытылған. Еуропалық үлгіде жабдықталған мектепке Қазан, Орынбор, Петербор, Астрахан қалаларынан білімді ұстаздар шақырылды.

Одан бөлек шет елге оқуға кеткен шәкірттерге қазына есебінен арнайы стипендия төленіп тұрған. Алайда Жәңгір хан Патша жарлығын бұлжытпай орындап, саясатын ерттеп мінген басшының бірі болған. Қалай дегенде де Жәңгірдің алғашқы білім ордасын ашуымен ел есінде қалатыны анық.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!