Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Амангелді ауылында туған, қазір Алматы қаласында тұратын ағамыз Тұяқбай ҮСЕЙІНҰЛЫН 80 жасқа толған мерейтойымен құттықтаймыз!
Тұяқбай аға, сіз балалық шағыңызда тіршіліктің тауқыметін, тағдырдың теперішін көріп өстіңіз. Еңбекпен есейіп, алғыспен көркейіп, өмір ағымына ілестіңіз. Бүгінгі күнге берен болмысыңызбен, ерен бейнетіңізбен жеттіңіз. Осы жолды тек адалдықпен, айналасына шуақ шашқан таза жүрекпен жүріп өттіңіз. Талпыныс арқасында сізді ел сыйлады. Оның куәсі, жоғарғы санатты дәрігер, денсаулық сақтау ісінің үздігі, ардагер-дәрігер атанып, Қарасай ауданының құрметті азаматы болдыңыз, Қарасай ауданы туралы тарихи кітапқа ендіңіз. Сіз сүрген ғұмыр – біз үшін өрнекті өнеге, көрнекті кемел үлгі. “Қарты бар үйдің, қазынасы бар” дейді қазақ, сіздің төрімізде отырғаныңыз – ең үлкен байлығымыз. Сізді алда келе жатқан Медицина қызметкерлерінің күнімен және мерейтойыңызбен құттықтап, деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілейміз. Немере-шөбереңіздің ортасында аман-есен жүре беріңіз.
Жан аға, құтты болсын 80 жасың,
Құрметтерің күн санап аспандасын.
Ұрпағың мерейіңді үстем етсін,
Абыз жасың құшағын ашқанда шын.
Осы тойды тойлауда бүгін аймақ,
Тұрсын елде бақыттың күні жайнап.
Құдайым қуат беріп қадамыңа
100-ге кел, жан ағатай, күліп ойнап.
Қарындасыңыз Марал және жиендеріңіз
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!