Кезінде қуат көзіне қосатын сымсыз телефон сатқан Аpple-дың әрекетін көпшілік сынға алып, мазақ қылған еді. Енді Samsung Apple-дың бұл бастамасының орынды екенін мойындады.

Бразилияның Tecnoblog сайтының тілшілері анықтағандай, ANATEL қадағалау агенттігі компанияның флагмандық телефондарын сатуға рұқсат берді. Бірақ құжатта құлаққап пен қуаттау құрылғысы болмайды делінген. Құр смартфонның өзі. Әзірге бұл ақпарат расталған жоқ. Бірақ Бразилия үкіметі Samsung компаниясын қуаттау сымын қорапқа салып сатуды міндеттейді. Ендеше корейліктердің бастапқы жоспары іске аспауы мүмкін.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!