Соңғы уақытта сән индустриясы да қарқынды дамып келеді. Сондықтан болар, сұлулыққа ұмтылатын жастардың қарасы көп. Осы орайда «дініміз бойынша боянуға, сәнді киінуге рұқсат етілген бе?» деген сауалымызға Жеңіс Әбибуллаұлы келесідей жауап берді.
‒ Әрине, дініміз сәнді киінуге, жұпар иіс себінуге, таза жүруге шақырады. Алайда өзінің шеңберінде, шектен шықпайтындай болу керек.
«Сұлулықтың нышаны» деген желеумен ашық-шашық, «ит талағандай» жыртық әрі қырық жамау киімдер киетін болса, әйелдер өзге ерлерді, ерлер өзге әйелдерді арбау үшін иіс су себінетін болса, боянатын болса дініміз ондай ниеттілерді лағнеттейді.
Ал Алла қосқан жұбайы үшін немесе жастар таза әрі жұпар иіс шығып, өзіне деген құрметі үшін байыпты киініп, қажетті дәрежеде жұпарланып мұсылмандық қасиетке лайықты жүрсе, мол сауапқа кенеледі, ‒ дейді дін өкілі.
Гүлдана ЖҰМАДИН
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!