Ол уақыттың болмады, қабағы ашық,

Мұң шеріммен шаттығым араласып.

Өткенімді өзеуреп еске алатын,

Қайран жылдар барасың ала қашып.

Тұр қазір жанарымыз жаутаң қағып,

Қалмадық талқандалып,

Аяр жүзден айналып кетеміз-ау,

Өткен күнге санамыз арқандаулы.

Тағдыр мұңды осылай еселеген,

Тар жолыңа тайғақтау төселер ем.

Керуен көшіп барады,

Зар заманды,

Көгермеген көреміз көсегеден.

Тектілігім қалады-ау құлдық ұрсам,

Намысымыз  жасиды сынға ұрынса.

Ырығыңа көнуге болар еді,

Заманым-ай қайтемін мың құбылсаң?!

Көктайғақта тағдырмен иықтасып,

Бабам кетіп барады биікті асып.

Біз де ертең ізінен ілесеміз,

Елдік жайлы айтамыз тиіп қашып.

Жүрміз бе екен, сол жолдан, əлі адасып

Мұратыма жетем бе,

Ара қашық.

Тəуелсіздік қадірін білгенің жөн,

Қалмас үшін қазағым қара басып

Солай…

Самат ТАЛҒАТҰЛЫ

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!