Алғыс айту күні мен үшін, біздің өңіріміз үшін ерекше маңызға ие. Бұл күн мейірімділік, өзара көмек және бір-біріне деген құрмет қазақтың киелі топырағында достық пен өзара түсіністіктің бірегей атмосферасын қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Өз отандастарымызға және туған өлкеге деген кіршіксіз алғыс сезімі бұл мерекеге ерекше терең мағына береді. Сондықтан Алғыс айту күнінің басты мәні – тарихи жадыны сақтау, ұрпақтар сабақтастығы мен іргесі берік негіздегі ел бірлігін нығайту.
Бүкіл қазақстандықтарға алғыс айтамын! Сіздерге бақ-береке, бейбіт өмір және табыс тілеймін!
Наталия БАРКОВА,
Қазалы аудандық Аналар кеңесінің мүшесі
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!