Құрметті қызылордалықтар, сіздерге облыстық неміс этномәдени орталығының атынан алғыс айтамын. Бұл – көктемнің алғашқы күні ғана емес, адамдардың сезімі оянған, үмітке толы күн. Бұл – Қазақстан мен оның халқының драматургияға толы, сонымен қатар адамгершілік, мейірімділік пен сүйіспеншіліктің жарқын үлгісі, тарихты еске түсіретін күн.

Депортацияланған көптеген ұлт жергілікті халықтың қолдауының арқасында Қазақстанды екінші Отаным деп таныды. Депортацияланған немістердің қазақ отбасыларынан баспана мен жақсылық тапқанының көптеген мысалы біз үшін ерекше құнды. Біз оларға шексіз ризамыз. Ең қымбаты – этностар арасындағы достық пен келісім. Біз Қазақстан халқы ассамблеясының этносаралық өзара түсіністікті бекітудегі жетістіктеріне қуанамыз және мақтанамыз.

Алина Новикова,

Неміс этномәдени бірлестігінің белсенді жасы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!