Фото: gov.kz
Мемлекеттік тіл мәртебесі еліміздің Ата Заңында бекітілген. Алайда орыс тілі ресми түрде мемлекеттік тілмен қатар қолданылады. Ал мемлекеттік мекемелерде іс-қағаздар қазақ тілінде жүргізіледі.
Бүгінде қарастырылып отырған мәселелердің бірі − «Мемлекеттік тіл − ұлт болашағы». Мемлекеттiк тiл − мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру − Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы.
Мемлекеттік тіл тәуелсіздігіміздің жырын жырлап, бұғанасын қатайтты. «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы − тіл. Тіл-халық қазынасы, ұлттың жаны. Тілдің мәселесі − ұлттың мәселесі. Тілді өркендету − баршаның ісі. Тіл тек қарым қатынас құралы емес, ойлаудың дүниетанымның, рухани мәдениетті жасаудың, ұлттық ұжымдық тәрбиесін жинақтаудың құралы және ұлтымыздың биік тұғыры. Бұл ретте біздің мемлекетіміздің тілге деген жанашырлығы басым.
Мемлекет басшысы жыл сайынғы халыққа жолдауында да басым бағыттарының бірі − мемлекеттік тілді жан-жақты дамытуға басты назарда ұстап келеді. Бұл тапсырманы орындау әрбір мемлекеттік қызметшінің ғана емес, барша қазақстандықтардың да міндеті. Қазіргі таңда мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілді дамытуға байланысты бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр. Қоғамда, мемлекеттік қолдау мүмкіндігі жоғары салаларда қазақ тілінің қолданыс аясы едәуір кеңейіп келе жатыр деп айтуға толық негіз бар. Қазіргі қоғамымыздың жастарының белсендігі жоғары. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері төл тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болып, қолданыс өрісі кеңейді. Қазіргі таңда өнер, әдебиет, мәденеиет баспасөз, радио, теледидарымыз бұрынғы жылдарға қарағанда әлдеқайда қазақша сайрап тұр десек болады. Бұл біздің мемлекеттік тіліміздің мәртебеміздің асқақтағаны. Бұл осы уақытқа дейін барлық мүмкін болар оңды-солды жағдайды жете бағамдай отырып жүргізілген мемлекеттік тіл саясатының нәтижесі.
Мысалы, сот саласындағы мемлекеттік қызметкерлер арасында жыл сайын тілге байланысты түрлі сайыстар, семинар сабақтары ұйымдастырылады, сот қызметкерлерінің тіл мәселесін көтеруге байланысты мақалалары газет басылымдарына жариялануда. Қазіргі таңда сот саласында барлық құжаттар, іс қағаздары жүз пайызға мемлекеттік тілде орындалады.
Ана тілді құрметтеу, заң жүзінде ана тілінде іс қағаздарын жүргізуді дамытуға үлес қосу − әрбір азаматтың борышы.
Б.Алжанова,
Қызылорда қаласының №2 соты
бас маман
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!