Осыдан он-шақты күн бұрын Twitter әлеуметтік желісін 44 млрд долларға сатып алған Илон Маск парақшасына алдағы уақытта желінің кейбір қолданушылары үшін ақылы болатынын жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Twitter-ді қарапайым азаматтар әрдайым тегін пайдаланады. Алайда, коммерциялық немесе үкіметтік пайдаланушылар аз мөлшерде төлем жасауы мүмкін», – деп мәлімдеді ол. Илон Маск аталған желінің бүкіл әлемде сөз бостандығына қызмет ететініне де сенім білдірген. Айта кетейік, жақында Илон Масктың Twitter-ді қомақты қаражатқа сатып алғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!