Бүгін облыстық кітапханада «Көркемсөз» және «English for kids» үйірмелерінің ашылу салтанаты ұйымдастырылды.
Мақсаты оқушылардың тіл үйренуге деген ынта-ықыласын арттыру. Өз тілін құрметтей отырып, өзге тілді үйренуге тәрбиелеу. Сонымен қатар сөздік қоры мен тіл байлығын дамыту.
Шараға №187 М.Шоқай атындағы ІТ-мектеп-лицейінің, №264 Т.Есетов атындағы мектеп-лицейнің, №10 Ы. Алтынсарин атындағы мектеп- лицейінің және «Аманат school» жеке бастауыш мектебінің оқушылары қатысты. Шара барысында оқушылар қазақ және ағылшын тіліне байланысты өлеңдер оқып, ән шырқап, би билеп, түрлі қойылым қойып, өз өнерлерін ортаға салды.
Шара соңында «Тіл ұлт тұтастығының тұғыры» тақырыбында кітап көрмесі көпке ұсынылды. Көрмеге қазақ және ағылшын тілдерін насихаттайтын кітаптар қойылды. Үйірме ұжымына сәттілік тілейміз!
Ақерке КЕНЖЕБЕК,
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің
студенті
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!