Ел деген жаны, азамат бары, шырақшы болды балаға.
Қараңғы көзге, жайылған сөзге, ой құйды және санаға.
Сауатты болу, кемелге толу, жасаған бізге еңбегі.
Күн нұры болды, мұздақ тайдырған, кең қараңғы далаға.


Оқусыз болсаң, тоқусыз болсаң, барыңды алар басқасы,
«Тойымсыз қарын» саясат барын, түсінді қазақ қасқасы.
Жерің барында, елің барында есіңді лезде жи деді,
Бұлыңғыр кезде, өрілді лезде, осылай білім таспасы.


Ахметтің бары, қазақтың бағы, шамшырақ болған ақылға,
Алпауыт елге сыйлық болуды, салдырмай мүлдем мақұлға.
Елдің де қамын, жердің де қамын ер мойнына жүк етті,
Ертеңін ойлап, қазақ баланың уайымсыз жатқан жатырда.


Ненің де шыңы білім екенін, үйретті қазақ балаға,
Өшерін білді, жүк артқан заман киіз тиеген танаға.
Ұстаз болудың алғы шарттары басталар осы бастаудан,
Орнатты бізге тағылым жолын сыр құя білген санаға.


Дарынның жолы, ғалымның жолы, насихатталар күнімде,
Ойлы озары белгілі еді, ғасыр жылдары түбінде.
Ұлттың ұстазы, қазақтың күні, қазақтың жыры, аспаны,
Саналы ұрпақ саңлақтары жырлайды сені бүгінде.


Аружан САҚТАҒАНОВА,
М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық
жоғары колледжінің студенті

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!