Ұлттық киім кию, оюөрнектерді тану, күй тыңдау, айтыс өнерімен танысу – баланың эстетикалық танымын кеңейтетін маңызды құралдар. Балабақшада оқушылар жас ерекшеліктеріне қарай кіші топ, орта топ, үлкен топ болып бөлінетіндіктен, осы ұсыныстарым арқылы ұлттық құндылықтарымызды деңгей бойынша саралап оқытқан жөн тәрізді.

Ұлттық құндылықтарды балабақшада түсіндіру балалардың рухани дамуына, ұлттық бірегейлікті сезінуіне ықпал етеді. Мектепке дейінгі кезеңде бала қоршаған орта туралы алғашқы түсініктерін қалыптастырып, әлемді ұлттық көзқарас арқылы қабылдауды үйренеді. Мысалы, қазақ халқының киіз үйі, ою-өрнектері, ұлттық тағамдары мен ойындары балаларға танымдық қызығушылық тудырып, олардың зейінін арттырады. Мен осы нәрселерді негізге ала отырып балабақшадағы балаларға ұлттық құндылықтарды бірнеше тиімді әдістермен үйреткен жөн екенін жиі айтып жүрмін.

Ойын жасындағы балаларға ойын түрінде үйреткен жөн. Ұлттық ойындар балалардың өмір сүру дағдыларын қалыптастыруда ерекше рөл атқарады. Мысалы, «асық ату» ойыны тек қана ептілік пен дәлдікті емес, сонымен қатар шыдамдылық пен тәртіпті де үйретеді. «Тоғызқұмалақ» ойыны логикалық және стратегиялық ойлау қабілетін дамытады, ал «арқан тарту» балаларды бірлесіп әрекет етуге, топтық ынтымақтастыққа бейімдейді.

Келесі кезекте балаларға театрландырылған қойылымдар арқылы ұлттық құндылықтарымызды насихаттай аламыз. Мысалы, «Алдар көсе» ертегісін сахналау барысында балалар айлакерлік пен адалдықты салыстыра отырып, жақсы мен жаманның айырмашылығын түсінеді. Сонымен қатар, қойылымдар арқылы балалар қазақ халқының дүниетанымы мен өмірлік қағидаларын терең түсіне бастайды.

 Шығармашылық жұмыстар баланың қиялы мен шығар машылық ойлауын дамытуда ерекше маңызды. Мысалы, ұлттық оюөрнектерді қағазға немесе матаға салу, киіз үйдің макетін жасау сияқты тапсырмалар балалардың ұсақ моторикасын жақсартуға ықпал етеді. Балалар осындай әрекеттер арқылы қазақ халқының қолөнеріне, мәдени мұрасына қызығушылық танытады.

Табиғат аясында ұлттық құн дылықтарды насихаттау бала лардың экологиялық санасезімін қалыптастырады. Наурыз мейрамы сияқты ұлттық мерекелерді табиғат аясында өткізу арқылы балалар қоршаған ортаны қорғау қажеттілігін түсінеді. Табиғаттағы ойындар мен серуендер балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, оның әсемдігін бағалауға үйретеді. Сонымен қатар, мұндай шаралар балалардың дене белсенділігін арттырып, олардың денсаулығына оң әсер етеді.

Қорытындылай келе айтарым, ұлттық құндылықтарды насихаттау – балаға тек білім беру ғана емес, болашаққа бағыт-бағдар беру. Өзінің кім екенін түсініп өскен бала ғана отбасын, Отанын құрметтейтін азамат болып қалыптасады. Сондықтан біз, болашақ тәр биешілер, балалар дың бойына ұлт тық рух пен сүйіспеншілікті сіңіру арқылы ел болашағына өз үлесімізді сенімдіміз. қоса тынымызға

 Айдана АСКЕРБЕК,

Текей батыр Қарпықұлы атындағы жоғары колледжінің студенті

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!