Қызылорда қаласында «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өтті. Шараға 53 мекеме қатысып, жұмыс іздеп келген 300-ден астам қызылордалықтың 250-не мамандығына сәйкес жолдама берілді.
Қызылорда қаласы әкімдігінің хабарлауынша жәрмеңкеде мемлекетік бағдарламалардың тиімділігін түсіндіру мақсатында тиісті мекемелерден де жауапты мамандар қатысқан.
Айта кетейік, бұған дейін де қала әкімдігінің ұйымдастыруымен шаһардағы орта арнаулы оқу орындарында, кент және ауылдық округтерде мемлекеттік бағдарламаларды кеңінен насихаттау мақсатында құрылған жұмысшы топ түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келген болатын.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!