Жамбыл облысының әкімі лауазымына Нұржан Нұржігітов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордның ресми сайтына сілтеме жасап.
Н.М. Нұржігітовті тағайындау туралы
2022 жылғы 07 сәуір
Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов Жамбыл облысының әкімі лауазымына тағайындалсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы «07» сәуір
№ 858
Нұржігітов Нұржан Молдиярұлы 1967 жылы туған, білімі жоғары. 1991 жылы Еңбек Қызыл Ту орденді Ленинград ауылшаруашылық институтын «Инженер-механик», 2008 жылы Жамбыл гуманитарлық техникалық университетін «Экономика» мамандықтары бойынша бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің құрметті профессоры.
Еңбек жолын 1991 жылы Жуалы ауданы М.Горький атындағы колхозында механик болып бастаған. Әр жылдары Төле би атындағы агробірлестіктің бас инженері, Жуалы ауданы әкімі аппаратының маманы, бас маманы, бөлім меңгерушісі, Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің басшысы, Жамбыл облысы әкімі аппаратының бас инспекторы, бөлім меңгерушісі, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, басқарма басшысы, Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы, Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы қызметтерін атқарған. 2019 жылдың тамызынан бастап Байзақ ауданының әкімі лауазымын атқарды.
2021 жылдың 26 сәуірінен бастап осы уақытқа дейін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!