Сақтаған сан ғасырдың салмақты дара үнін,
Жайқалған көк майсасы, қырдағы дала гүлін.
Тербеткен бесігімен әлемді әлдилетіп,
Анамның адал сүтін, айтатынданалығын.


Маңғаз тау мұнарларым паң кербез сайын далам,
Күні мен түні бөлек, сырларын сарынға алам.
Өсиет-өркен сөзі желменен жерге жеткен,
Атамның ақылынан айналдым сағым далам.


Тұғыры биік тарихы терең алыстан,
Бабаларым да сен үшін жаумен алысқан.
Жарқын болашақ – жаңарған сенің бәз қалпың,
Куә боп жеткен мына бір ұзақ ағыстан.


Жаңарды далам, гүлденді қалам, сәулетім,
Берекең толы, ырысың қайнап, дәулетің,
Жаңа Қазақстан – жаңа қалалар бой көтер,
Тамсансын әлем, жанарын алмай алыстан.


Аңсаған бабам жаңарған далам келді шын,
Өнетіндей боп көрінер маған енді ісім.
Теңдік пен кеңдік қатар орнаған елімде,
Жаңа Қазақстан, жарқын болашақ сенбісің!


Аружан КАМАЛ,
М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық
жоғары колледжінің студенті

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!