Мемлекет басшысының кезекті мәлімдемесі ел дамуының болашақ бағдарын айқындап берді. Президент сөзінде атқарушы билік пен бұқара арасындағы байланыс, әлеуметтік мәселе, түрлі саладағы табысты реформалар мен кемшіліктер қамтылды. Оның ішінде Қазақстан жастарына арналған бірнеше игі бастама айтылған болатын. Әсіресе елді мекендер мен шалғай ауылдардан шыққан дарынды жастарға бөлінетін арнайы гранттар саны мен Қазақстанда 2025 жылға дейін кем дегенде бес халықаралық деңгейдегі жоғары оқу орындарының филиалын ашу тапсырмасы көпті елең еткізді. Сондай-ақ техникалық салада үздік мамандарды даярлайтын оқу орындарын ашу және «Жастар тәжірибесі», «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламаларын жалғастыру арқылы түлектерді жұмыспен қамту мәселесі де назардан тыс қалмады.

Жастарды қолдаудың жарқын бастамасы

Президент мемлекеттік бағдарлама­ларды дамыту, олқылықтарды жою жайын ғана емес, жастардың өзекті мә­селелерін де тілге тиек етті. Мемлекет басшысы жастар арасындағы жұмыс­сыздықты азайту қажеттігін атап өтті. Бұл – мәселе назарда болады деген сөз. Шешім табар күн де алыс емес. Ал Президент айтқан жұ­мыссыздық мәселесі жүйелі ше­шім табу үшін жастар сапалы білім алуға ұмтылуы қажет. Оған барлық мүмкіндік қа­рас­ты­рылуда.

Жастарды қолдаудың жарқын бастамасы

Жалпы жиында көтеріл­ген мәселелер өзектілігін жоғалтпақ емес. Сондықтан Президенттің қабылдаған ше­шімі мен көтерген бастама­ларын жастар тарапынан қолдау табарына сенім мол. Жүктелген міндеттерді орындау бағытында бар күш-жігерімізді салып, жүйелі жұмысқа кірісеміз. Қазірдің өзін­де өңірде еріктілер штабы құрылып, қаланы қайта қалпына келтіру, қан тапсыру жұмыстары үздіксіз ұйым­дастырылуда.

Жастарды қолдаудың жарқын бастамасы

Кез-келген мәселені бүгінгі таңда парасаттылық пен ашық диалог арқылы шешуге шақырамыз. Жастар арасындағы әлеуметтік-экономикалық мәселелерді, соның ішінде жастар арасындағы кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы әдістемелік, психологиялық, құқықтық көмектер үздіксіз жүргізілетін болады.

Асқар ҚҰРМАШ,

облыстық «Жастар ресурстық орталығының» директоры

Жастарды қолдаудың жарқын бастамасы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!