Өңірімізде «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ақпараттық түсіндірме шараларын ұйымдастыру және психологиялық кеңес беру» әлеуметтік жобасы жыл көлемінде жүзеге асырылып келеді. Аталған жобаны қаладағы «Kemeldenu» қоғамдық қоры қолға алды.
Жоба аясында қала аумағында орналасқан ірі мекемелер, кәсіпорындар және халық көп шоғырланған орындарда құқықтық-психологиялық сауаттандыру бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және алаяқтық мәселелеріне байланысты 40 кеңес беру шарасы өтті. Кеңес беруге психолог мамандар атсалысты. Бұдан бөлек, облыстық санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаментінде, «Сана-Сезім» медициналық орталығында және Болашақ университетінде 15 қатысушыдан құрплған дөңгелек үстел өткізілген. Сондай-ақ 3 әлеуметтік бейнеролик және желіде 20 тақырыптық постер әзірленіп, жарияланды.

Бақытбек КЕНЖЕБЕК,
«Kemeldenu» қоғамдық қоры директорының
міндетін атқарушы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!