Мемлекет басшысының бағыт- бағдары айқындалған жаңа жолдауы табысты мүмкіндіктермен , озық бастамалар негізі қарастырылған еліміздің қазіргі күні ғана емес, болашағы үшінде маңызы зор.

Бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілетін арттыру, бүгінгі еркін ашық қоғамда өмір сүріп жатырған жалпы ел үшін шынайы ақпарат алуға мүмкіндік алатын басты құрал . Алаш арысы Ахмет Байтұрсынов «Газет – халықтың көзі , құлағы һәм тілі » деп баға беріп кеткен. Содан бері бұқаралық ақпарат құралы халық пен билік арасындағы алтын көпір болып келеді.

Мемлекет басшысы бұқаралық ақпарат құралдары «Журналистика өз еліне және азаматтарына шынайы жанашыр болуы тиіс . Бұқаралық ақпарат құралдары бекерден бекер төртінші билік атанбаса керек»,- деді.
Әр тың жаңалықтың шынайылығы, шындығы, дәлдігі қарапайым халық үшін маңыздылығын дер кезінде Мемлекет басшысы тілге тиек еткізді.

Қала атауларын ұлы тұлғалар есімімен, тарихи атауымен қайта жаңғырту өткен тарихты тірілту Абай, Ұлытау, Жетісу облыстары болып өзгерту ұсынылса, Қапшағай қаласына Дінмұхамед Қонаев есімін беруді ұсынуда ерен тұлғаның ескірмес есімін ұрпақ жадында мәңгілік тірілту деп білемін.

Өткенді ұмыту, бүгінгі жеңісіңді бағаламау. Өткенді ұлықтау – тарихты ұмытпау, ұлы ұрпаққа тарихтан сыр шерту.
Алаш арысы Ахмет Байтұрсынов «Менің идеалым қазақ халқының тұрмыс жағдайын, мәдениетін мүмкін болғанша көтеру , ал мұның өзі игілікті дамудың алғы шарттары болғандықтан, мен осы мұратты қандай билік қамтамасыз етсе соған ризамын» деген екен.

Бүгінгі Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың да басты мақсаты қазақ халқының тұрмысын, мәдениетін мүмкін болғанша көтеру. Әр жолдаудың басты бағдары ел экономикасы мен әлеуметін дамыту.

Жасампаздықпен жаңа мүмкіндіктерге қадам басуға талпынған Тәуелсіз елдің әр азаматы тек жақсылыққа сенімді.

Жанар Алишева,
«Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Арал аудандық филиалының төрайымы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!