Тоқты

Апта біршама қызықты идеяға толы болады. Оны тезірек жүзеге асыруға тырысыңыз. Үлкен нәтижеге қол жеткізу үшін көп еңбектену қажет. Ал бұл апта іскерлік байланысты нығайтуға қолайлы.

Торпақ

Сізді жұмыс барысында сәтті кездесу мен табысты шешім күтіп тұр. Осы уақытқа дейін көп күш жұмсаған істі де абыроймен аяқтайсыз. Бастысы өзіңізге және болашаққа деген сенімді жоғалтпаңыз. Апта бойы көңіл-күйіңіз көтеріңкі жүреді.

Егіз

Позитивке толы уақыт жетті, сондықтан күтпеген қиындықты тез әрі оңай шешесіз.  Ұнжырғаңыз түспесін. Бастысы өзіңіз дұрыс деп тапқан жолдан айнымаңыз. Көптеген адамға жақсы әсер қалдырып, олардың өміріне өзгеріс әкелуіңіз бек мүмкін.

Шаян

    Аптаның әр күні сізді ерекше қуантады. Жақындарыңыз тарапынан жақсы жаңалық естіп, үнемі көтеріңкі көңіл-күймен жүресіз. Сондай-ақ достарыңызбен тату қарым-қатынас орнатуға сәтті апта болмақ. Қаржы мәселесі де тез арада шешімін тауып, жаңа бастамаларға ден қоясыз.

Арыстан

Бұл аптада шығын көлемі азайып, біршама қарыздан құтыласыз.  Жоспарыңызға қатысты өзгеріс енгізсеңіз, қолға алған жаңа жобаңыз нәтижелі болмақ. Бастысы ұсақ-түйекке көп мән бермей, ірі жобаларға көңіл бөліңіз.

Бикеш

Күтпеген кездесулер орын алып, іскерлік қарым-қатынастағы шаруа оңтайланбақ. Сол үшін басыңыздан өткен жағдайды дұрыс бағамдаңыз. Аптаның жарқын тұстарын қызықты өткізсеңіз, көмескі тұстары сізге кері әсер етпейді. Әр күнді жақсылықпен әсемдеп, қуанышты өткізу өз қолыңызда екенін ұмытпаңыз.

Таразы

Аптада  көптен армандаған тілегіңіз орындалады. Өзіңізді бақытты сезініп жүресіз. Бұрын қолға алуға қаймыққан істерді қайта жандандыруыңыз мүмкін.  Әрі жаңадан кәсіп бастап, тұрғындарға қуаныш сыйлауға сізге орайлы мүмкіндік туып тұр.

Сарышаян

Шығармашылық қабілетіңізді көрсететін орайлы уақыт. Маңызды істе жолыңыз болады. Ол үшін уайымға берілмей, тек сол іске ден қойыңыз. Қаржылық мәселе де жылдам шешіледі. Бастысы шынайы қалпыңызды жоғалтпаңыз.

Мерген

Апта жаңа таныстық үшін өте қолайлы болмақ. Жаныңызға жақын жанмен алдағы күндерге жоспар құрасыз. Осы тұста кедергіні жеңуге жәрдемдесетін адамдар пайда болады. Бастысы отбасыңызға көңіл бөлуді ұмытпаңыз.

Тауешкі

Ұсақ-түйекке бола жүйкеңізді жұқартпаңыз, қиындықтың барлығы аз уақыттың ішінде шешімін табады. Бұл аптада сәтті қадамдар жасалады. Таңғаларлық оқиға, күтпеген жағдайлар орын алуы мүмкін. Соның әсерінен көптеген адамға басқа көзқараспен қарай бастайсыз.

Суқұйғыш

Жаңа аптада керемет мүмкіндік күтіп тұр. Жуық арада өзіңіз жоспарлаған саяхатқа жолға шығасыз. Сол үшін өз салаңызда белсенділікті арттырған абзал. Аптаның екінші жартысында кейбір жандарға қатысты ойыңыз өзгеріп, жақын адамдардың өмірін жақсартуға үлес қосасыз.

Балық

Апта жағымды жаңалық пен қуанышты оқиғадан басталады. Уақытыңызды жақындарға арнау үшін жұмыс барысында қиын жауапкершілік артудан аулақ болыңыз. Күнделікті жоспарды қадағалап, өткен күнді ой елегінен өткізуді әдетке айналдырыңыз.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!